2.06.2023, 14:45
Оқылды: 11

Ғалымдар алдағы бес жылда ауа райы рекорд дәрежеде ыситынын ескертті

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есебіне сәйкес, 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңде ауа райы рекорд дәрежеде ысиды. Қазіргі рекорд 2016 жылы тіркелген болатын.

Ғалымдар алдағы бес жылда әлемде қалыпты деңгейден 1,5°С жоғары температураның жаңа рекордтары болады деп есептейді.

ЖП погода

Бұл болжам Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі климатқа үлкен әсер ететін Эль-Ниньо немесе Оңтүстік тербеліс – су бетіндегі температура ауытқуларына негізделген. Мұхит бетіндегі жылы судың ауданы шығысқа қарай жылжиды, деп жазады Reuters.

2015 жылы Парижде қол қойылған климат келісіміне сәйкес, әлем елдері индустрияландыру кезеңімен салыстырғанда жаһандық температураны 1,5°С арттырмауға келіскен болатын. Ғалымдардың айтуынша, бұл шектен асып кету апатты және қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы, профессор Петтери Тааластың айтуынша, бұл температураның тұрақты түрде 1,5°С көтерілуін білдірмейді. Бірақ бұл шектеуді жиірек бұзуға тура келеді. Жаһандық орташа температура бұрын ешқашан 1,5 ° C-тан аспаған, өнеркәсіптік кезеңге дейінгі кезеңмен салыстырғанда шыңы + 1,28 ° C болды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есебінде 2023 және 2027 жылдар аралығындағы жылдың бірінде 1,5°C шегінен асып кету ықтималдығы 66 пайыз екенін ескертеді.

Эль-Ниньо құбылысын алғаш рет Перу балықшылары анықтады. Перу жағалауында ол Рождество қарсаңында шыңына жеткен.

Рекорд температура көптеген ел үшін, соның ішінде Оңтүстік Азия үшін үлкен қиындықтар туғызады. Ғалымдардың пікірінше, температураның 1,8°С жоғарылауы әсіресе ауыл шаруашылығында үлкен қауіп-қатер туғызады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары температураның көтерілуі адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға ауыр зардаптар әкелетінін ескертті.

Олар климатқа байланысты апаттар санының кейінгі 50 жылда бес есе өскеніне алаңдаулы.

Т. Раушанұлы

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале