25.02.2024, 10:30
Оқылды: 47

Ғалымдар мұрынды шұқу әдетінің күтпеген қаупін анықтады

Аустралиялық ғалымдар мұрынды шұқу әдеті миды зақымдауы мүмкін екенін ескертті. Олардың жүргізген зерттеуінің нәтижесі Biomolecules журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

IMG-20240225-WA0002Фото: freepik.com

Ғалымдардың айтуынша, мұрынды шұқу әдеті мен Альцгеймер ауруы дамуының арасында байланыс бар. Бұл әдет мұрын қуысына зиян қоздырғыш бактерияларды енгізіп, қабынуға және деменция қаупінің жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін.

Ғылыми жұмыстың нәтижесіне сәйкес, ғылыми түрде ринотиллексомания деп аталатын мұрын шұқу әдеті зиян микроорганизмдердің адамның қолынан мұрынға жұғуын күшейтіп, мұрын микробиомасын зиян ортаға айналдырады. Қол мен мұрын байланысы арқылы қауіпті бактериялар иіс сезу жүйесі арқылы өтіп, миға жетуіне мүмкін. Бұл қоздырғыштар қабынуға ықпал етуі мүмкін, бұл нейродегенеративті ауруларға, соның ішінде Альцгеймер ауруына шалдықтырады.

Айта кетейік, бұған дейін мұрын шұқу мен мұрынбоқ "жеудің" зияны қандай екені хабарланған болатын.

Мұрын – адамның тыныс алу мүшесі. Бүкіл тыныс алу жүйесінің басында тұрған цикл. Мұрынның табиғи биологиялық фильтр екенін бәріміз білеміз. Сырттан келген шаң-тозаң мен аллергендерді ішкі ағзаға жібермей ұстап қалады. Ондай аллергендер еніп кетсе, адамның астмасы ұстауы, өкпесі қабынуы мүмкін.

Мұрын ішіндегі шырышты қабық тіпті вирус пен бактерияларды да ұстап қалады екен. Әсіресе, қорғасын, асбест, тозаң сынды патогендерді ішке жібермейді. Бір қызығы мұрында адамның иммунды жүйесімен байланысып жатқан антидене, фермент сынды қорғаныс құралдары да бар көрінеді.

Арғы жағын енді өзіңіз ойлап көріңіз. Мұрын ішке жібермей ұстап қалған патогенді сіз қолмен шұқып, ол қолды жумай, қауіпті аурудың таралуына себепші болуыңыз мүмкін. Ең ақыры мұрынбоқты жеп қойсаңыз, ол микроб пен аллергендерді ішке жібердіңіз дей беріңіз. Одан кейін ауру тууы мүмкін. Адам ұшынуы, улануы да ықтимал.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале