Швециялық ғалымдар кофемашина арқылы дайындалатын сусындарды мұқият зерттеп, олардың жүрекке қаншалықты қауіпсіз екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Science Focus басылымына сілтеме жасап.

Top view black coffee in a white glass placed on an old cement table with coffee beans.
Сурет: istockphoto.com
Жаңа зерттеудің (Nutrition, Metabolism and Cardiovascular Diseases журналында жарияланған) авторы, доктор Дэвид Иггманның айтуынша, кофе түрлерінің кейбірі холестерин деңгейін арттыра алатыны бірнеше ондаған жыл бұрын-ақ белгілі болған.
Зерттеу нәтижесінде сүзгіден өтпеген немесе кәдімгі кофемашинада дайындалған кофенің құрамында кафестол мен кахвеол бар екені анықталған. Бұл заттар холестериннің көтерілуіне әсер етеді. Олар жүрек ауруларының қаупін арттырып, "жаман" холестерин (төмен тығыздықтағы липопротеиндер) деңгейін жоғарылатып, "жақсы" холестериннің (жоғары тығыздықтағы липопротеиндер) деңгейін төмендетеді.
Ал сүзгіден өткізілген кофе холестеринді арттыратын қосылыстарды әлдеқайда аз мөлшерде қамтиды. Сондықтан оны денсаулыққа қауіпсізірек деп есептейді.
Сондай-ақ ең жақсы нұсқалардың бірі – сұйық негізде кофе дайындайтын кофемашиналар екені анықталды. Олар сұйық кофеконцентратты ыстық сумен араластырады. Нәтижесінде дитерпеноидтар мөлшері өте төмен, қағаз сүзгі арқылы өткен кофеге ұқсас сусын алынады.