4.09.2023, 9:30
Оқылды: 17

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.

B839BCCB-70D0-46D3-A5C2-C170563F2754

Еске салайық, Ғ.Пірматов бұл қызметке 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале