Үндістан билігі Гамбиядағы фармацевтикалық зауытта өндірісті тоқтатып, тергеу жүргізуде. Зауыттан шығарылған жөтелге қарсы шәрбат 69 баланың қайтыс болуына себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсалық сақтау ұйымы балалар өлімін Maiden Pharma компаниясы шығарған жөтелге қарсы сұйық дәрімен байланыстырған.
Дәрі құрамында улы заттар, диэтиленгликоль және этиленгликольдің мөлшері көп болды.
«Әлем дәріханасы» ретінде танымал Үндістан патенттелмеген дәрі-дәрмектің 45%-ын Африкаға жеткізіп отыр.
Фото: euronews.com