Серік Әбдірахмановтың есімі облыс жұртшылығына жақсы таныс. Ол – Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы байқаулардың лауреаты. Ақтау қаласында өткен батыс әндерін орындаушылардың жарысында бас бәйгені жеңіп алған. Айтпақшы, Серікті алғаш рет 1993 жылы көрдік. Сол жылғы мамырдың басында Жәнібек ауданының мәдениет үйінде оның жеке концерті өтті. Мұхиттың, Ғарифолланың әндерін домбырамен көрерменнің құлақ құрышын қандыра, елжірете шырқады-ай. Сахнадан халық өнеріндегі осындай құнды, үлгілі әндерді тыңдауға ынтық болып жүрген Жәнібек жұртшылығы 27 жастағы қара торы жігіттің асқақтата салған дауысына, шабытты, өрелі өнеріне разы болып тарқасқан-ды...
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі №26 санынан Мұғалім Өтейдің «Ғарифолланың соңғы шәкірті» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz