Неміс ғалымдары адамға бір көргеннен ғашық болуға қанша уақыт кететінін анықтады. Бамберг университетінің зерттеушілері тәжірибе жүргізіп, ғашық болу үшін 59 милисекунд қана керек деген мәлімдеме жасады.
Фото: pixabay.com
Зерттеу жұмысы кезінде жастар адамдардың біраз суретін қарап шыққан. Тәжірибеге қатысқандар 244 миллисекундта адамның жынысын анықтап, оның тартымдылығына қатысты шешімді 59 миллисекундта шешім шығаратыны белгілі болды.
Басқа зерттеушілердің айтуынша, ғашық болуға қажет уақыт әр адамда әртүрлі болады. Эмоцияларды ғылыми жолмен өлшеу мүмкін емес. Біреуге ғашық болу үшін бірнеше минут немесе күн жеткілікті болса, басқаларда бірнеше жылға да созылуы мүмкін.
Биология антропологы Хелен Фишердің пікірінше, ғашықтық 3 кезең бойынша жүреді:
1. құштарлық – тестостерон мен эстроген артады;
2. ұнату - допамин, норадреналин мен серотонин көбірек бөлінеді;
3. махаббат - ағзадағы окситоцин мен вазопрессин гормондарының мөлшері көбейеді.
Ал психологтар ғашықтық пен махаббатты шатастырмау керек дейді. Олардың пайымдауынша, адам бір сәтте ғашық бола алады. Бірақ нағыз махаббат сезіміне бөленуге кемінде 2 жыл қажет.