3.01.2024, 17:30
Оқылды: 216

Ғасырдың ұлы көші

Тарихтан белгілі б. д. 55 жылы қуатты Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетеді. Негізгі себеп Қытай басқыншылығының күшейуі және шапқыншылық салдары десе, екіншілері, ұлы көштің басталуы деп санайды.

1200_0_39dd3f65a2b077afc6924fa6ec7d1062

Фото: e-history.kz

Осылайша оңтүстік ғұндар Хуанье-шаньюйдың басшылығымен Қытаймен бейбіт қатынастар орнатып, кейін соның қол астына кірсе, солтүстік ғұндар Қытайға қарсылық көрсетіп, ақыры Монғолия мен Шығыс Түркістанның солтүстігіне қоныс аударуға мәжбүр болады.

Кейін ғұндардың бір бөлігі Тянь-Шань арқылы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне өтіп кетеді. Солтүстік ғұндарды басқарған Чжичжи-шаньюй қаңлылармен бейбіт қатынастар орнатып тұрақтап қалады.

Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия территориясына жалпылама келе бастағаны болатын. Кейін ғұндар Тарбағатай, Балқаш өңірінің оңтүстік-шығыс бөлігі, Орталық Қазақстан, Сырдарияның солтүстік аймақтары, Арал және Каспий теңіздерінің аймақтарында пайда болады.

Бұл қозғалыс тарихта «Ұлы халық қонысы» деген атпен қалғаны белгілі. Яғни, б.д ІУ ғасырының бірінші жартысында болған Шығыс және Орталық Европа жазықтары арасындағы ғұндар қозғалысы көптеген халықтың этникалық тарихына зор әсер еткені белгілі.

Ол қазақ халқының тарихына да ізін қалдырды. Көптеген зерттеушінің пікірінше ғұндардың ата-тегі түріктер болған және олардың қазақ жеріне келуін түріктендірудің басталуы деп санайды.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Ұлы сауда жолы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале