14.09.2017, 17:53
Оқылды: 46

Газет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Облыстық қазақ драма театрында қос газеттің 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шара өтуде.


Шара барысында "Ғасырды бағындырған басылым" деректі фильмі көрсетілді.

Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаев газеттер ұжымын мерейтоймен құттықтап, "Орал өңірі" газетінің жауапты хатшысы Жанат Есполаева, дизайнері Жасұлан Көшекқалиев, "Приуралье" газетінің бөлім меңгерушісі Лучия Курарару, дизайнері Ренат Кусеновке алғыс хат табыс етті.

Ал "Жайық Пресс" ЖШС жанындағы Баспасөз тарихын зерттеу орталығының бас маманы Қазыбек Құттымұратұлына Ғұмар Қараш атындағы арнайы төсбелгі табыс етілді.

IMG-20170914-WA0120Шарада сонымен қатар ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі, Ақпарат комитетінің төраға орынбасары Руслан Қанатханұлы, "Егемен Қазақстан" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Каменов ұжымға құтты болсын айтып, бірқатар қызметкерге министрліктің грамотасын табыс етті. "ҚР ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен белгілі журналист Қазыбек Қабжанов, "Орал өңірі" газетінің бөлім меңгерушісі Сəкен Əбілхалықов марапатталды.

IMG-20170914-WA0144Ал министрліктің грамотасына "Орал өңірі" газетінің тілшісі Гүлбаршын Əжгереева, "Приуралье" газетінің тілшісі Қалиолла Қарағойшин ие болды.

Министрліктің алғыс хатымен мекеме басшысы Жантас Сафуллин, "Приуралье" газетінің тілшісі Наталья Горохова марапатталды.

IMG-20170914-WA0116"Жайық Пресс" ЖШС бас директоры Жантас Набиоллаұлы облыстық басылымдардың тарихын зерттеуге қомақты үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале