6.09.2023, 15:30
Оқылды: 89

Геккенің Ордаға жорығы туралы не білеміз?

Орынбор генерал-губернаторы Перовский Ордадағы Исатай қозғалысын басып-жаншу үшін подполковник Гекке басқарған отрядты жорыққа шығарады. Губернатор ол жайында Орал атаманы Покатиловты хабардар етіп, оған қосымша 400 казактан тұратын полкті әзірлеуді қатаң тапсырды.
жп дала

Осылайша Орынбордан қазанның 20-сына шыққан Гекке отряды Орал қаласына қазанның 22-ісіне келді. Оралда 3-4 күн
кідірістеген Гекке алдағы жорық бағытын анықтап, оны төмендегіше етіп құрады.

Алғашқы, 200 адамнан тұратын отрядты Зеленов форпосынан Ордаға шығады деп, белгілесе, екінші, топ Кулагин бекінісінен 200 адаммен Ордаға бет алуы тиіс, ал үшінші, 200 адамдық отряд Горск бекінісінен Ордаға аттанады деп, белгілейді.

Алғашқы және екінші топты басқаруды  полковник Меркуловқа жүктейді. Ал Геккенің өзі шағын отрядымен Горскіден шыққан жасақпен кездесіп, оны басқаруды өзіне алды. Осылайша, жоғарыдағы отряд күштері Ордаға бет түзейді.

Қазанның 30-ында Жасқұсқа жеткен Гекке сол кездегі Орда жағдайын былайша баяндайды: «Хан ордасына дейін аман-есен жеттім. Келген соң бұл жерде Таймановтан қорыққан мазасыз адамдар мен үлкен дүрбелең үстінен түстім. Ал, Исатай тобы осы арадан 8 шақырымдай қашықтықта орналасқан екен. Менің мұнда келуім жиналғандарды сәл де болса жігерлендіргендей болды. Жәңгірдің өзі менің белгілі бір пайда бере алмасымды білсе де, шағын әскермен келгенімнің өзіне соншалықты қуанып қалды. Тайманов бір мезет «Ордаға шабуыл жасаймын!», - деп үрейлерін ұшырыпты».

Жоғарыдағы Геккенің жазбасы бүгіндері көптеген зерттеушілердің еңбектерінде жария етіліп жүрген ашық деректердің бірі. Осылайша Орынбордан басталған жорық Ордаға жетеді.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале