29.09.2023, 12:45
Оқылды: 127

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-дағы жұмыс сапары аясында өзара ықпалдастық органдары басшылары және ардагерлер қауымымен бірқатар кездесу өткізді.

IMG-20230929-WA0074
Ең алдымен құқықтық тәртіп әскерінің Бас тәрбиешісі облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовпен кездесті.

Өңір әкімінің орынбасары Ұлттық ұлан генералын жылы шыраймен қарсы алып, облыста Қазақстан Халықы Ассамблеясының басшылығымен ұйымдастырылып жатқан республикалық аналар кеңесіне қатысуға келісімін бергені үшін алғысын білдірді.

IMG-20230929-WA0077

Бақытжан Хаберұлының айтуынша, генерал-майор Қайрат Үмбетов үшін Жайық өңірі екінші үйіндей болып кеткен. Жергілікті тұрғындар Қайрат Жарылқасынұлының облыстағы қызметін және жастар арасындағы патриотизмді нығайтуға қосқан жұмысын әлі күнге дейін ұмытқан жоқ. Болашақта облыста заманауи үлгідегі әскери-мектеп интернатын салу жоспарымен бөлісті.
Өз кезегінде Халық Қаһарманы облыс басшылығының өңірдегі Ұлттық ұлан әскерімен орнатқан әріптестік қарым-қатынасы үшін алғысын білдіріп, құқықтық тәртіп әскерінің Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың сапар барысына қойған тапсырмалары және маңызды республикалық шараға қатысты жоспарларын таныстырды.

IMG-20230929-WA0075

Сондай-ақ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовты «Құқықтық тәртіп әскеріне – 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Екі тарап арасындағы әріптестік қарым-қатына әрі қарай да жалғаса  береді.

ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале