Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс отандасымыздың алдағы мансабына қатысты сұраққа жауап берді. Ол да спортшының не ойлап жүргенінен хабарсыз екен.
«Мен кейінгі уақытта Геннадиймен сөйлескен жоқпын, сондықтан да маған ештеңе белгілі емес. Бірақ қандай да бір жаңалықпен GGG Promotions ресми мәлімдеме жасайды деп сенемін», - дейді жаттықтырушы SlothBoxx-қа берген сұхбатында. Бұл туралы Massaget.kz жазды.
GGG соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында шаршы алаңға шықты. Лас-Вегаста мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берген еді.