Заксенхаузен концлагерінің 100 жастағы бұрынғы күзетшісі Нойруппиндегі жер соты алдында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Сотталушы айыптау оқылғаннан кейін сөз алудан бас тартты. Фашистік Германияның бұрынғы әскери қызметкері нацистік лагерьдің 3518 тұтқынының өліміне қатысы бар деп айыпталып отыр. Сот процесіне куәгерлер – нацистік лагерьдің бұрынғы тұтқындары қатысуда. DW нақтылауынша, концлагерьде қызмет еткенде кеңестік әскери тұтқындардың атуға қатысқан.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол қамауға алынғандарды уландырғыш газ көмегімен өлтіруде көмек көрсеткен. Бұдан басқа, концлагерь тұтқындары «адам төзгісіз жағдайдарды құру салдарынан» қайтыс болған, айыпталушының да осыған қатысы барлығы анықталды. Қазіргі кезде неміс соты Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер жасаған қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 17 адамның ісімен айналысып отыр. Күдіктілердің барлығының жасы 95-тен кем емес.
«Берлиннен солтүстікке қарай орналасқан Ораниенбургтегі Заксенхаузен тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерь национал-социализм кезінде ерекше жағдайға ие болған: 1936 жылы құрылысы аяқталған ол басқа лагерьлер үшін үлгі болып, кейіннен нацистік лагерьлер жүйесінің әкімшілік орталығына, сондай-ақ СС-тің оқу лагеріне айналды. Жалпы алғанда, мұнда 200 мыңнан астам адам тұтқында болған.