Мен медицина саласында қызмет етемін. Ковид қаншалықты қатерлі екенін білемін. Сондықтан вакциналауды міндетті етуді қолдаймын. Алда коронавирустың тағы қандай мутацияға ұшырайтынын ешкім білмейді. Жаңа штамдар пайда болып жатыр. Індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакцина. Өзіңіз үшін ғана емес өзгелерді де қорғау үшін екпе салдыру қажет, - дейді дәрігерлер.