27.09.2021, 9:12
Оқылды: 24

Германияда сайлау өтіп жатыр

Германияда Бундестагқа сайлау өтіп жатыр. Сайлауға қатысушы билеуші Христиан-демократиялық одаққа 19 жылда бірінші рет Ангела Меркель жетекшілік етпейді. Германия канцлері Ангела Меркель үш жыл бұрын сайлаудан кейін демалатынан мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.1Сайлау алдында жүргізілген сауалнама бойынша, Германияда ұзақ уақыт бойы кезек-кезек бір-бірін алмастырып отырып, елді билеген екі партия – Христиан-демократиялық одағы мен Социал-демократиялық партияның дәуірі аяқталуы мүмкін.

Сонымен қатар «Германия үшін балама» мен неміс жасылдары жақсы көрсеткіш көрсетуде.

Одан бөлек, Христиан-демократиялық одақтан көбісі бас тартуда. Бұрын сайлаушылар бұл партияға Меркель үшін дауыс берген. Нәтижесінде Социал-демократтар, Христиан-демократтар және жасылдардың рейтингілері бір-біріне өте жақын. Соған байланысты сайлаудан кейін Германияны тағы да коалиция басқаруы мүмкін деп болжанады.

 

inform.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале