18.06.2024, 9:02
Оқылды: 170

Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы табылды

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

D04F065C-266B-4800-B5E8-BB079AE7B213

Сурет: gov.kz

Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», деп мәлімдеді министрліктен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале