Warning: session_start(): open(/tmp/sess_02pdmfevbcergognnsg9d0ucf4, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - «GGG-Канело» жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын Димаш шырқады - официальные новости ЗКО
18.09.2022, 9:00
Оқылды: 225

«GGG-Канело» жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын Димаш шырқады

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын әйгілі әнші Димаш Құдайберген шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220918093809406e

Отандасы «GGG»-ге Қазақстан әнұранын шырқау арқылы қолдау көрсеткен Димаш Құдайбергенді АҚШ-тың Лас-Вагес қаласындағы T-Mobile Arena-ға жиналған бокс жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды.

Бұған дейін Димаш Геннадий Головкиннің жеңіске жететініне сенетінін айтқан еді.

Ал Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлерқаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жеккеде шығуға әзір екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі төрт жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.

«GGG-Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале