15 қыркүйекте Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында бокстан сегіз жекпе-жек өтеді деп хабарлайды total.kz.
Қазақстандағы тікелей эфир көрсетілімі 16 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 06:00-де бастамақ.
Айта кетейік, бұл жолы ең басты оқиға - GGG мен «Канело» жекпе-жегі.
Ұйымдастырушылар Головкин мен Канелоның кездесуі Лас-Вегас уақыты бойынша 19:00 мен 19:30 арасында өтеді деп болжам жасауда. Қазақстандық көрермен жекпе-жекті 16 қыркүйек таңғы 8:00-де көре алады.
Жылдың басты жекпе-жегін қазақстандықтар 16 қыркүйекте таңғы 8:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.
Zhaikpress.kz