Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында креативті индустрияны қолдау және мәдениет, білім, ғылым және спорт саласында халықаралық ынтымақтастықты орнатудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.
Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Бұл жоба – Орталық Азиядан келген жас әрі болашағы бар креаторларды анықтау және қолдау үшін ыңғайлы платформа. Креативті индустриялардың дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа да жобаның ықпалы зор.
«Global Nomads Awards 2024 шығармашыл жастар байқауы» бірнеше номинациялардан тұрады. Атап айтсақ, «Болашақ Олимпиада чемпиондарының формасы», «Nomade Couture», «Inspired by Nature» және «Digital Nomad».
Жобаға қатысу тегін. Жүлде қоры – 2000 еуро. Сонымен қатар әр номинация жеңімпазы нарықта көшбасшы атанған қазақстандық «Global Nomads» киім брендімен бірлесіп коллекция жасай алады.
«Болашақ Олимпиада чемпиондарының формасы» номинациясына арналған жүлде – Polimoda институтының сән портфолиосын жасауға арналған екі апталық қысқа курс. Курс визуалды коммуникация және графикалық дизайн дағдыларын дамытады және студенттерге өздерінің ерекше стилі мен тұлғасын көрсететін кәсіби портфолио жасауға көмектеседі.
Сондай-ақ жоба аясында білім беру блогы іске қосылды, маусым айының соңына дейін globalnomadsawards.kz ресми сайтында өтініш қалдыруға болады.
Жобаның бірінші маусымына 5 елден 312 дизайнер қатысып, 1600-ден аса жұмыс ұсынды. Екінші маусым одан да қызықты.
Шығармашыл жастар байқауының ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Creative&Innovation Institute» Орталық Азиядағы тұрақты даму қоғамдық қоры, Global Nomads компаниясы.