8.04.2022, 15:31
Оқылды: 49

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Сайтамада (Жапония) 9 сәуір күні бокс кешіне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл кештің басты оқиғасы орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы кездесу болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

20

Қарсыластар орта салмақтағы IBF және WBA Super титулдары үшін жұдырықтасады. Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша екі боксшы да санат шегін (72,5 келі / 160 фунтқа дейін) орындап, таразыда 72,5 келі салмақты көрсетті.

Сайтамадағы бокс кеші сенбі, 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Головкин мен Муратаның басты жекпе-жегі шамамен сағат 18:10-ға жоспарланған. Қос боксшының рингте кездесуін Qazsport және Qazaqstan телеарналарында тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале