Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде қазақстандық бес боксшы үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: Prosports.kz
Ауыр салмақта WBC International белбеуінің иегері Жан Кособуцкий 8-орынды сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық Иван Дычко 29-сатыда тұр. Бұл салмақта британиялық Тайсон Фьюри негізгі чемпион.
Бірінші ауыр салмақтағы рейтингте Қамшыбек Қонқабаев 29-орынға тұрақтады. Бұл салмақтағы WBC титулы гамбиялық боксшы Баду Джекке тиесілі.
Екінші орта салмақта WBA Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов үшінші орынға көтерілді. Бұл дивизионда абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес.
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынға шықты. Мейірім Нұрсұлтанов төртінші орнын сақтап қалды. Бұл дивизионда WBC чемпиондық белбеу америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі.
Бірінші жартылай орта салмақтағы тізімде WBC Silver белбеуінің иегері Сергей Липинец бесінші орынан көрінді. Бұл дивизионда американдық Реджис Прогрейс әлем чемпионы.