Жапонияның кәсіпқой боксшысы Риота Муратаның (16-2, 13 КО) промоутері Акихико Хонда қазақстандық боксшымен болатын жекпе-жектің жаңа мерзімін белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.
2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 әуесқой боксшы аталды Акихико Хонданың айтуынша жекпе-жек сәуір айында өтпек. Еске салсақ, Головкин - Мурата жекпе-жегі коронавирустық пандемияға байланысты жапон үкіметінің шешімімен көктемге шегерілді. Бірақ нақты уақыты айтылмаған еді. Аталған жекпе-жек өткен жылы болады деп жоспарланған еді. Біздің каналымызға жазылыңыз: