1.03.2022, 16:20
Оқылды: 35

Google Еуропада RT мен Sputnik-ке қатысты YouTube арналарды бұғаттайтынын хабарлады

Google компаниясы Еуропада RT арнасы мен Sputnik агенттігіне қатысты YouTube арналарды бұғаттайтынын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

dece61b15319d4aec8e736ab869177eb_XL

"Украинада жалғасып жатқан соғыспен байланысты біз бүкіл Еуропа аумағында RT мен Sputnik-ке қатысты барлық YouTube арналарын бұғаттаймыз", – делінген Google-дің еуропалық кеңсесінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 24 ақпан күні басталды.

Бұған дейін Таиланд ауруханаларының ресейліктер мен украиналықтарға қызмет көрсетуден бас тартқанын жазған едік.

Суреттің дереккөзі: academy. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале