7.01.2024, 14:29
Оқылды: 84

"GRAND TOUR BIATHLON" Биатлоннан ҚР Кубогінің ІІ кезенінің салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Ақсай қаласының шаңғы-биатлон базасында «GRAND TOUR BIATHLON» Биатлоннан 2009-2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР Кубогінің ІІ кезенінің ашылу салтанаты өтті. 

IMG-20240107-WA0020

Аталмыш шараға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Тукжанов, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы Н.Казимов, Биатлоннан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Ж.Мұстафин, Қазақстан биатлоншылар Одағының Бас хатшысы М.Үсенов, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов, «БатысМұнайҚұрылыс» сервистік компаниясының директоры, Батыс Қазақстан облысының биатлон федерациясының президенті Ә.Сарсембаев, жарыстың бас төрешісі В.Морозов қатысты.

IMG-20240107-WA0022

Батыс өңірінде шаңғы спорты түрінен өткізілгелі отырған алғашқы бәсекеге Ақмола облысынан екі команда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен БҚО Бөрлі ауданының командаларынан 60-қа жуық спортшылар қатысуда.

IMG-20240107-WA0030

Бүгін, жарыстың бірінші күнінде жас биатлоншыларымыз спринт қашықтығы бойынша бақ сынауда.

IMG-20240107-WA0023

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале