Бүгін Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Бозкілем бәсекесінің шымылдығын грек-рим күресінің шеберлері түреді. Жеребеден кейінгі біздің спортшыларымыздың қарсыласы мынадай:
55 кг:
Ербол Камалиев – Максим Ступакевич (Бейтарап атлет)
60 кг:
Досжан Өтепқалиев – Ха сан Мұхаммед Әл-харти (Сауд Арабиясы)
63 кг, 1/8 кезең:
Нұрсұлтан Базарбаев – Арам Варданян (Армения)/Амарильдо Ласка (Албания)
67 кг:
Дін-Мұхамед Қошқар – Адомас Григалюнас (Литва)
72 кг:
Мерей Мәулетқанов – Мұхаммед Әли Гёчмен (Түркия)/Әділхан Нұрланбеков (Қырғызстан)
77 кг:
Темірлан Қаратай – Исмаил Барахоев (Бейтарап атлет)
82 кг:
Альмир Төлебаев – Кун Шанг (Қытай)
87 кг:
Бағлан Қуаныш – Марсель Стекеленбург (Нидерланд)
97 кг:
Бейбіт Қорғанов – Хайк Хлоян (Армения)/Антон Эрих (Германия)
130 кг:
Асылбек Әбдіқалық – Фехри Мұхаммед Айса (Мысыр)
Біраздан соң грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 кг дейінгі салмақтағы іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады. Ал 22 қазаннан бастап қалған (55, 63, 77, 87 және 130 кг) салмақтағы спортшылар күш сынасады.