Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Дортмундта (Германия) Гран-приде өнер көрсетті. Біздің спортшылар турнирде алты медальмен марапатталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: Olympic.kz
Айдос Сұлтанғали чемпион атанды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік болды.
Тұғырдың екінші сатысына Марлан Мұқашев (55 келіге дейін) көтерілді.
"Қола" жүлдеге қол жеткізгендер Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (72 келіге дейін), Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін).