Теңіз түбін қоқыстан тазарту жұмыстары Бүкіләлемдік мұхиттар күнімен сәйкес келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Сүңгуірлер Ион теңізіндегі Итака аралының төңірегіндегі теңіз түбінен 23 тоннадан астам қоқыс шығарды. Оның ішінде жиырмаға жуық үлкен елес ау болған.
Дүниежүзінің теңіз түбін тазартумен айналысатын Healthy Seas ұйымының мәліметінше, жыл сайын шамамен 640 000 тонна балық аулау құралдары жоғалып, теңіздер мен мұхиттарға лақтырылады. Бұл теңізге орны толмас зиян келтіріп, суда кейіннен қоректік тізбекке айналатын микропластиктерді қалдырады.