28.08.2023, 10:30
Оқылды: 16

Григорий Ломакин Таиландтағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

grigoriy_lomakin_tai_1693193998

Фото: ktf.kz

Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған қазақстандық теннисші жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс барысында бес теннисшіні тізе бүктірді.

Финалда 25 жастағы Г.Ломакин әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Екіншісінде 4:6 есебімен есе жібергенімен, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 6:3.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале