24.08.2023, 16:00
Оқылды: 52

Губерниялық бірігу қалай жүрді?

Батыс Қазақстанды кеңестік билікте біріктіру 1920 жылғы 12 қыркүйекте өткен 1-інші Орал губерниялық кеңестер сиезінен басталды.

жп су

Сиезге шақырылған 250 делегат түгел қатысты. Сиез жергілікті басқарудағы облыстық ревкомды жойып, орнына губерниялық атқару комитетін құрды.

Сиезде Орал губерниялық атқару комитетінің жаңа құрамы сайланды.

Олар: Струппе (төраға), Самсонов, Заромский, Полковников, Михайлин, Ходырев, Миронов, Реутов, Панов, Харлов, Нияров, Тәттібаев, Алексеев, Ипмағамбетов, Қаратлеуов, Жантілеуов, Сурков, Литов, Парамонов, Васильев, Хаустов, Тухватуллин, Белухин, Почиталин, Чебаторев. Сиез жергілікті жерлерде атқару комитетінің уездік және болыстық кеңестерін құрды. Жиналыстың қаулысы негізінде бұдан былай Орал атқару комитетінің шешімдері тұтас облыс территориясына таралады және жүреді делінді.

Бұл кезде Орал губерниясы әкімшілік-территориялық басқаруда алты уезден тұрды. Олар: Орал уезі, Калмыков уезі, Гурьев уезі, Елек уезі, Жымпиты уезі және Ойыл уезі.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале