5.09.2023, 16:45
Оқылды: 52

Губернияның жерлері қалай қайтарылды?

Біліп жүріңіз!

жп дала

1920 жылғы 15 қаңтарда өткен Орал губерниялық комитеті өзінің алғашқы отырысын өңірдің әкімшілік-территориялық жерін анықтаудан бастады. Айталық, 1922 жылы өңірдің 6 473 гектар жері анықталса, 1923 жылы өңірдің 55  754 гектар жері, ал 1924 жылы 267 343 гектар жері анықталады.

Кейінгі 1925 жылы өлкенің 664 42 гектар жері, 1926 жылы 261 1485, ал 1927 жылы 167 4124 гектар жері анықталып губернияға қайтарылады.

Жоғарыдағы жерлердің кешегі патша өкіметі тұсында Орал казак атамандары мен помещиктерге және ресейден көшіп келген мұжықтарға берілген меншік жерлері екенін ескерсек, осынша жерді губерния меншігене өткізуде аз жұмыстың жасалмағанын байқаймыз.

Кейін, сол жерлерге  өлкенің оңтүстік аудандарынан (Азғыр, Орда, Жаңақала) қазақтарды қоныстандыру жоспарға сай жүргізіледі.

Айталық, 1924-1926 жылдары жоғарыдағы аудандардан Жалпақтал және Тасқала жеріне 13 014 қазақ отбасы келіп, шаруашылықтың 3 342 түрін құрса, ақ казактар тастап шыққан Балықты көлі маңына 1923-1924  жылдары Орда ауданынан 231 қазақ отбасы келіп қоныстанған.

Олардың саны сырттан келушілермен толысып, ресейдің Самара, Орынбор, Саратов губернияларынан өңірдің солтүстік аудандарына 1924-1925 жылдары 481 отбасы немесе 1 926 адам көшіп келді.

Осылайша губернияның жерлері қайтарылып, оларды игерудің кеңестік кезеңі басталды.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале