5.09.2023, 12:30
Оқылды: 30

Гурьевке кеткен колхоздар туралы не білеміз?

Біліп жүріңіз!

1951 жылғы желтоқсандағы Сталиндік Қаулыға сәйкес Жаңақала ауданының Таубұйрат және Жиделі ауылдық кеңестерінің колхоздары жерлері де «зона аймағы» деп жарияланды.

жп дала

Осыған орай 1952 жылдың көктемінде Жаңақала және Орда аудандарының шет аймақта жатқан колхоздарын Гурьев облысына беру мәселесі көтерілді.

Өйткені біріншіден, колхоздардың көші-қонын іргелес жатқан жерге қоныстандыру шаруашылықтар үшін тиімді болса, екіншіден, әкімшілік басқаруда Теңіз ауданының жақындығы ескерілді.

Осылайша, Жаңақала ауданы Таубұйрат ауылдық кеңесінің «Сталин», «Правда», «Интернациональ» колхоздары мен Жиделі ауылдық кеңесіне қарасты «Чкалов» атындағы колхозы мал-жанымен толықтай Гурьев облысының Теңіз ауданы басқаруына берілді.

Сондай-ақ Орда ауданының Батырбек ауылдық кеңесіне қарасты «Алғабас», «Карл Маркс», «Сталин» атындағы колхозы мен Сүйіндік ауылдық кеңесіне қарасты «Карл Маркс» атындағы колхозыда Гурьевке қарайтын болды.

Сонымен бірге Азғыр ауылдық кеңесіне қарасты «Берия», «Жданов» колхозы және Лабай ауылдық кеңесінің «Жаңа жол», «Куйбышев», «Молотов» колхоздары шаруашылықтары да мал-жанымен толықтай Гурьев облысының Теңіз ауданы құрамына кірді.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале