24.11.2021, 14:52
Оқылды: 45

Ғылыми еңбектер таныстырылды

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері,  филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабырдың «Қыпшақтану» және «Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің  фономорфосемантикалық сабақтастығы» атты ғылыми еңбектерінің таныстырылымы өтті. 

9cfbd473-ba11-40d8-b806-82d60d71ae46

Қос ғылыми еңбек «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау, архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламалары аясында жарық көрген.

Іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, академик Тұяқбай Рысбеков, филология ғылымдарының докторы, академик Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мағрипа Ескеева, Шымкент қаласындағы «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сейсенбай Құдасов, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Самат Құрманалин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың профессоры Ғабит Хасанов қатысты.

Іс-шара барысында ғылыми еңбектердің ғалымдар қауымдастығы мен өскелең ұрпақ үшін маңыздылығы жайында кең ауқымда айтылды.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале