18.02.2021, 17:48
Оқылды: 24

HELP жағдайы немесе ковидті қалай оңай жеңуге болады?

– Былтыр наурыз айынан бастап біздің күнделікті өміріміз күрт өзгерді, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп, коронавирустан сақтану үшін бір-бірімізбен араласудан шектелдік. Бірақ өзімізді қорғай алдық па?

C79CBE7D-EA5F-4FCA-ADE8-A9FC93255DB4

Мен бұл туралы сізбен психолог ретінде емес, індетті жеңген науқас ретінде, ауру кезінде өзін-өзі оқшаулау режімі кезінде қандай психологиялық мәселелерге тап болғаным жөнінде сөйлескім келеді. Мен де басқалар сияқты ішкі алаңдаушылық сезімін бастан өткердім, кейде өзімнің және жақында-

рымның денсаулығына, аурудың салдарына қатысты үрей басым болды. Бұл үрейлер адам табиғатына тән болып табылады. Өйткені олар COVID-19 індеті төңірегіндегі ақпараттық дүрбелең, жағымсыз мәліметтің көбеюі, ауруды емдеу ерекшеліктері және жақындарыңнан оқшаулану, олардың өмірі мен денсаулығы үшін алаңдауға байланысты орын алды. Қорқыныш ақпараттың жетіспеушілігінен туындады, өйткені ешкім аурудың бұл түрі туралы ештеңе түсіндіре алмады. Сонымен қатар интернет жүйесінде үрейлі ақпараттар көбейіп кетті. Ауыр вирустық инфекциялар бүкіл денеге әсер етеді, осы кезеңде адамдар депрессияға ұшырайды. Бұл ауру мені де жанап өтпеді. Үрейлі ойлармен жалғыз қалу тыныс алудың қиындығымен күрделене түсті. Бұл маған қорқыныш сезімін тудырды.

Вирустың нақты қаупі, бақылаудың болмауы, белгісіздік, әлеуметтік оқшаулану, өмірдің әдеттегі ырғағының өзгеруі мазасыздықтың күшеюі үшін қолайлы жағдай туғызды. Шынымды айтсам, мен қатты уайымдадым.

Жалпы, травматикалық жағдай әркімнің өмірінде болуы мүмкін, бірақ біреулер осы мәселеге «жабысып» алады және үнемі «Бұл неге тек менің басыма түсті және не істеу керек?» деген сұраққа орала береді, ал екіншілері бәрін еңсеруге тырысады. Мен де басыма түскен қиындықты еңсеруге, жеңуге тырыстым. Бұл жағдайды жеңуге маған не көмектесті? Сіздермен өз тәжірибеммен бөліскім келеді.

Сонымен, әлеммен байланыста болыңыз. Таныстарыңызбен, жақындарыңызбен сөйлесіңіз. Сізге гаджеттер көмектеседі, ауруды ойлаудан аулақ болыңыз. Сүйікті фильмдеріңізді көріңіз, кітап оқыңыз. Жаңалықтар оқуды нақты шектеңіз. Сондай-ақ өміріңіздегі жақсы сәттерді еске түсірген жөн. Болашаққа жоспар құрыңыз. Ауруханадан немесе өзін-өзі оқшаулаудан кейін не болатынын ойлаңыз, тезірек сауығу үшін жағымды ойларға беріліңіз. Мүмкіндігінше және қолайлы жерде әр жағдайға әзілмен қараңыз. Өзіңізге үміт артыңыз, сіз үшін маңызды және өзіңізді қажет ететін адамдар туралы ойлаңыз. Ой өмірде ең қиын сәттерді жеңуге көмектеседі.

Қарым-қатынасты қайта қараңыз, оптимизм ұялататын, өзіңізді қолдайтын адамдармен сөйлесіңіз, себебі көңілсіздік пен қорқыныш адамға күйзеліс әкеледі.

Кенеттен қайтыс болған және коронавирустық инфекциядан көз жұмған адаммен дұрыс қоштасудың мүмкін болмауы туыстарының марқұм алдында кінәлі сезімін тудырады. Жерлеу салт-жоралары біз үшін қайғыны еңсеру үшін керек. Салт-жораның бұзылуы, жабық табыттағы марқұм болған адаммен бетпе-бет қоштаса алмау біраз қиындық тудырады. Бұл жағдайда сіз фотосуретіне қарап бақұлдаса аласыз. Егер рухына дұға бағыштағыңыз келсе, мешітке тапсырыс беріп, онлайн арқылы Құран оқыту сияқты діни рәсімдер жасау мүмкіндігіңіз бар. Қайғы-қасірет күйі ұзаққа созылмауы керек. Әр адам қайтыс болған адамның қайтып келмейтінін түсіну керек. Сондықтан бізге тірі адамдар, соның ішінде өзіміз үшін не істей алатынымызды ойластырған жөн. Қайғыны жеңу үшін жақын адамдарыңыздың көмегінен бас тартпаңыз.

 Оксана Чижова,

облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале