11.03.2021, 20:52
Оқылды: 19

"Ибалы қыз тәрбиелесек, иманды қоғам қалыптастырамыз"

«Орал өңірі» газетінде қыз-келіншектерге, жалпы әйелдер әлеміне арналған «Айнамкөз» атты арнайы бет біраз жылдан бері шығып келеді. Аталмыш беттің аясында ұлттық құндылықтарға негізделген ұрпақ, әсіресе, қыз бала тәрбиесі, жанұя жарастығына негіз болар ене мен келін сыйластығы, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындаудың жай-жапсары, ісмерлігін іскерлікке ұластырған қыз-келіншектерді көпке үлгі  қылу, ауыл-аймағының рухани өміріне тың серпін берген әжелер ансамблінің өрісті өнерін насихаттау жағына жіті көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып, қоғам өміріне белсенді араласатын өнегелі әжелер мен ардақты аналар, іскер қыз-келіншектер арқылы отбасы институтын нығайтуға, ел-жұрттың, әсіресе, жастардың жат діни ағымдарға арбалмауын, керітартпа саяси күштердің ықпалымен кетіп қалмауын қадағалау секілді көкейкесті мәселелерге баса назар аударылмақ.

 иба

Толығырақ білгіңіз келсе, облыстық «Орал өңірі» газетінің 12 наурыз күнгі №20 санынан журналист Ләззат Ғиниятқызының «Ибалы қыз тәрбиелесек, иманды қоғам қалыптастырамыз» атты мақаласын оқуға кеңес береміз, қадірлі оқырман!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале