24.08.2023, 12:00
Оқылды: 35

IBSA Дүниежүзілік ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар төрт медаль жеңіп алды

IBSA Дүниежүзілік ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық пара дзюдошылар бір алтын, бір күміс және екі қола медальді жеңіп алды.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов telegram каналында хабарлады. 

IMG_20230824_095918_729

- йБайрақты бәсекеде 48 кeлі салмақта, J2 санатында өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек финалдық белдесуде украиндық спортшы Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен жеңіп, чемпион атанды.

Жарыстың күміс жүлдесін J1 санатында, 73 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Ерғали Шамей иеленді.

Ал 60 келі салмақта, J2 санатында белдескен Ануар Сариев пен J2 санатындағы 73 келі салмақта белдескен Олжас Оразалыұлы қола медальға ие болды. Ануар ақтық тартыста кореялық споршы Мин Лимен кездесіп, иппонмен жеңді. Өз кезегінде Олжас украиндық Руфат Махаммедты жеңіп, жарыстың жүлдегері атанды.

IBSA Дүниежүзілік ойындары Ұлыбританияның Бирменгем қаласында 20-27 тамыз аралығында өтуде. Атамыш жарыс көру қабілеті зақымданған (J2) және мүлдем көрмейтін (J1) спортшылар арасында өтеді. Биыл IBSA Дүниежүзілік ойындарының нәтижесі әлем чемпионатына теңестірілді. Осыған орай, Ақмарал Науатбек әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанды, - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале