9.09.2025, 11:15
Оқылды: 133

III Түркі универсиадасында Қазақстан құрамасы медаль қорын толықтырды

"Қазақстандық студенттер Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Түркі универсиадасында жоғары спорттық нәтижелер көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Отандық жоғары оқу орындарының өкілдері бірнеше жүлделі орындарға ие болды", - деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

_gluster_2025_9_8_5a9bd16dbc63496d5f1b9890ff903eeb_1280x720

Фото: www.gov.kz

Үстел теннисінен жарыста Қазақстанның ерлер командасы алтын медаль жеңіп алды. Команда құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Нұрғали Нұрдәулет және Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Темірлан Жиенбаев бар. Қыздар командасы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола медаль жеңіп алды. Ел намысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Аружан Бекіш пен ҚБТУ студенті Екатерина Пюрко қорғады.

Еркін күрес бойынша Қазақстан да үздік нәтижелерге қол жеткізді. Алтын медальді Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Амирхан Дәулет иеленсе, күміс медальді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Әкежан Айтбеков жеңіп алды.

Грек-рим күресінде Central Asian Innovative University студенті Омар Сатаев алтын медальға ие болды.

Осылайша, қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері тек өз университеттерін ғана емес, жалпы ұлттық құраманың да беделін асқақтатып, III Түркі универсиадасындағы ортақ жеңіске сүбелі үлес қосты. Олардың жеңістері еліміздегі студенттік спорттың қарқынды дамуын көрсетіп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале