12.06.2022, 11:22
Оқылды: 18

Ілбістің Алтын-Емел Ұлттық паркінде түсірілген сирек кездесетін суреттері жарияланды

Халықаралық қар барыстары қорының директоры Арман Қашқынбеков өзінің Facebook парақшасында ілбістің сирек кездесетін суреттерін жариялады.

7DEBDD00-CFD9-4025-9CD1-92BB2AB2D49B

Автор суреттердің Алматы облысындағы Алтын-Емел ұлттық табиғи паркінде 50 метр қашықтықтан түсірілгенін айтады.

«Тұңғыш рет ілбіс Алтын-Емел ұлттық табиғи паркінде қамыстардың арасында 50 метр қашықтықтан түсірілді. Түркі әлемі үшін қар барысы жылындағы керемет жаңалық. Халықаралық қар барысы қоры қазақстандықтарды осы оқиғамен құттықтайды және ұлттың символын қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек», - деп жазды Арман Қашқынбаев.

2780BF15-C742-4B0B-9D71-4736159C805D

Осыған дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне қойылған фототұзаққа ілбістің ұрғашысы мен 1 жастағы аланы түсіп қалған еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале