3.10.2023, 18:00
Оқылды: 53

Ильичевскиге кімдер көшті?

1951 жылғы 21 желтоқсанда Нарынды 49 жылға әскери сынақ аймағы деп жариялаған Сталин қаулысы ел ішін дүрбелеңге салғаны белгілі. Қаулыға орай Орда ауданы бойынша үш колхоз Оңтүстік Қазақстан облысының Ильичевский ауданына баратын болды. Солардың бірі Орда ауданы Теректі ауылдық кеңесіне қарасты «Калинин» колхозы еді.

жп орда

Сол 1952 жылдың 10 сәуірінде аталған колхоздан Қаби Ауталиев, Куншиғар Айтжанов, Айғаным Джанабаева, Иманғали Беркалиев, Шарип Беркалиев, Бадиша Байгалиева, Жумағаным Дусалиева, Аиса Дауитова, Балхия Джакупова, Қуан Джарасов, Жибек Джунусова, Утеген Джумашев алғашқылар қатарында Оңтүстікке баруға өтініш берді.

Сондай-ақ колхозшылар Ермек Джардемов, Мерғали Джарасов, Айғаным Джамешова, Меруерт Джумашева, Айкенже Кенжебаева, Бақытылы Мендикалова, Қабат Майтақова, Ибат Муканов, Камал Нигимашев, Дәметкен Қаратуова, Кима Нуртазин, Садир Қажгалиев, Асила Сакибалиева, Шахты Султанғалиев, Қадырғали Сарсенғалиев, Жумазия Саткинбаева, Айып Қаушанов, Дәулет Сақтағанов, Құжан Тайтуриналарда арыздары бойынша оңтүстікке баратындар тізіміне кірді.

 Осылайша «Калинин» колхозынан Оңтүстік Қазақстан облысының Иличевский ауданына жалпы саны 210 адам барады деп жоспарланды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале