12.04.2024, 20:42
Оқылды: 51

Ілияс Тұнғышқанұлы Орал қаласына жұмыс сапарымен келді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Тұнғышқанұлы Батыс Қазақстан облысына іссапармен келді. Басқарма төрағасының орынбасары жұмыс сапары шеңберінде Облыстық және Қалалық көпбейінді ауруханада сонымен қатар облыстық кардиологиялық орталықта болды.

InShot_20240412_203149352

Өңірдегі су тасқынының салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы адамдарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Облыстық кардиологиялық орталық бүгінгі таңда қалалық көпбейінді ауруханада уақытша жұмысын жалғастыруда. Осыған орай қызмет барысында келеңсіздіктерді болдырмау шаралары талқыланды.

IMG-20240412-WA0092

Сонымен қатар Ілияс Тұнғышқанұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен жиын өткізді. Елдегі басты әлеуметтік нысан болып саналатын медициналық ұйымдардағы түйіткілді мәселелерге тоқталды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале