
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Астана қаласында өткен «INFOMATRIX ASIA – 2026» халықаралық байқауынан олжалы оралды. Шәкірттеріміз өз жобаларын сәтті қорғап, алтын және күміс жүлделерге ие болды. Аталған байқаудың іріктеу кезеңіне 10-нан астам елдің оқушылары қатысып, үздіктер финалға жолдама алды.
Мектебіміздің 11-сынып оқушылары – Абилов Алдияр, Дүйсенбай Эльнадир, Шамуратов Таир, Туганбаев Демеу «MineSafe — шахталардағы қауіпсіздікті бақылауға арналған білезіктер мен ретрансляторлар жүйесі» жобасымен І орынға лайық деп танылып, алтын медаль иеленді.

Ал 8-сынып оқушылары Горчаков Диас, Мухамбеткалиев Алихан, Сарсембаев Адильбек «OcuWave — глаукоманы ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін көз ішіндегі қысымды өлшеуге арналған аппарат» жобасымен үздік атанып, алтыннан алқа тақты.
Сонымен қатар, 10-сынып оқушылары – Алшинов Ақниет, Манкеев Аян «KepTess – ғарыштық ретранслятор аппараты» жобасы арқылы 2-орын, яғни күміс медальға қол жеткізді.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі