Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті креативті индустрияны дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастыққа Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Sensitive есту қабілеті төмен бишілер театры және Ресейдің Inclusive Dance қайырымдылық қоры қатысты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Серіктестер мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында креативті индустрияны дамыту әдістемесін жетілдіруге ниетті. Қазақстанда бұл инклюзивті креативті индустрия саласындағы алғашқы келісім.
Qyzyljar creative Center хабының базасында халықаралық деңгейдегі фестиваль, семинарлар, шеберлік сыныптары мен конкурстар өткізу жоспарда бар.