12.08.2024, 11:00
Оқылды: 130

Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтардың жолы кесілді – ІІМ

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтарға көмектесіп, жәбірленушілердің ақшаларын жымқыратын қылмыстық топтар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

6AEE0727-5AE1-4381-88F2-27CBF4D84DC3

Суреттер: Polisia.kz

Арнайы операцияны Жетісу облысы ПД Киберпол қызметкерлері қарағандылық және солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірлесіп, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығы, сондай-ақ өңір прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.

– Тінту барысында 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді. Бүгінгі таңда 80 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 млн теңгеден асады. Тәркіленген мобильді құрылғыларды талдау жалғасуда және жәбірленушілер саны мен келтірілген залал сомасы айтарлықтай өсуі мүмкін, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

C0BE1D7C-2B88-4071-BD97-001C803A0E87

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген мобильді құрылғыларда банктік қосымшалар бар, олардың көмегімен қаскөйлер интернет-алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардың қаражатын жымқырған.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерді басқа адамдарға бермеуге, телефондарға белгісіз қосымшалар орнатпауға шақырады. Сонымен қатар интернеттегі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертеді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болдым деп күдіктенсеңіз, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале