11.10.2024, 13:00
Оқылды: 7

«Интернеттегі қауіпті мобильді қосымша жасөспірімдердің психикасына әсер етеді» – Жанат Нұрмағамбетова

Киберқауіпсіздік қазіргі уақытта жай ғана сөз емес. Біз әлі «Көк кит» пен «Тыныш үй» сияқты суицидке әкелетін бағдарламаларды зерттей алмай жатқанда, олардың соңынан «Schoolboy Runaway» атты мобильді қосымша ерді. Аталған бағдарлама жасөспірімдер мен жастардың әлі толық жетілмеген психикасына әсер етеді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҚО бойынша өкілі Жанат Нұрмағамбетова айтты.

IMG_8349

– Ойынның әсерінен жасөспірім ата-анасын жек көреді. Аталған ойын тікелей ата-аналарды, үлкендерді құрметтемеуге, тыңдамауға  үйретеді. Мамандардың айтуынша, белгілі бір деңгейден өткенде балаларға QR-кодтар мен Telegram-арналарға сілтемелер беріледі. Ол жердегі тапсырмалар – қауіпті, соңы суицидке алып келуі мүмкін.

Бұл қосымшаны кез келген платформада ашық түрде жүктеп алу мүмкіндігі бар екендігі алаңдатып отыр. Мен біздің құзырлы органдарды осы қосымшаға шұғыл түрде назар аударып, оның қаншалықты қауіпті екенін анықтап, еліміздің аумағында бұғаттауға шақырамын. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызға мұқият қараңыздар. Суицидтік бағыттағы қосымшаларды әзірлеушілердің мақсаты түсініксіз әрі өте қауіпті. Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қадағалау – біздің басты міндетіміз», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале