5.02.2024, 17:45
Оқылды: 57

Иоанн де Плани Карпини: «Оларды өз жерлерінде тек қыра берген»

ХІІІ ғасырдың қырқыншы жылдары итальян саяхатшысы Иоанн де Плани Карпини ІV Инокентийдің тапсырмасымен Монғолияға сапарға шығады. Осылайша 1245 жылы моңғолдардың жаңа шабуылынан қауіптенген Инокентий ІV моңғолдар туралы жан-жақты мәлімет жинау үшін бірнеше монахтан құралған елшілігін аттандырады.

жп дала

Ол Сицилия арқылы Днепрге, одан Дон арқылы Еділ-Жайыққа өтіп, Онон өзенінің маңайындағы Ұлы ханның тұрағына жетеді. Осы миссионерлік сапарын саяхатшы Карпини Оңтүстік Ресей, Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Моңғолияға барып моңғол елі туралы, өзі көрген халықтар туралы көрген-білгенін суреттеп баяндап жазған екен.

Сол жазбаларында қазақтарға қатысты мәліметтер төмендегідей: «...Бұдан кейін біз тым көп жерінде суы тапшы болатын, тіпті, судың жетіспеуінен халық саны аз болатын кангиттер (қаңлылар) жеріне келдік. Осы секілді суы жоқ татар жеріне сапар шеккен Орыс, Ярослав князінің адамдары осы елсіз далада шөлден қырылды. Осы жерлерде сондай-ақ, командарда (қыпшақтар жерінде) біз жаппай жер жастанып жатқан адамдардың сансыз бастары мен сүйектеріне тап болдық; мұндай өлі даламен біз пасханың сегізінші күнінен бастап, шамамен Ұлы Тәңіріні Дәріптеу күніне дейін (Вознесения Господа Нашего) жүріп отырдық... Командар да (қыпшақтар), кангиттер де (қаңлылар) жер өңдемейді екен, тек малмен ғана күнелткен. Олар сондай-ақ үй де салмаған, шатыр тігіп отырған. Оларды өз жерінде татарлар (моңғол) қырып, жоя берген, ал тірі қалғандарын құл етіп отырған;...» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале