21.10.2024, 12:00
Оқылды: 41

«Ионосфера институты» ЖШС және «Ghalam» ЖШС Халықаралық Астронавтика Федерациясының мүшелері атанды

«Ионосфера институты» ЖШС және «Ghalam» ЖШС Халықаралық Астронавтика Федерациясының (International Astronautical Federation, IAF) толық құқықты мүшелері атанды. Бұл туралы 2024 жылғы 14-18 қазан аралығында Италияда өткен 75-ші Халықаралық астронавтика конгресінің ашылу салтанатында жарияланды, деп жазды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

IMG_9252
Сурет: ҚР ЦДИАӨМ

Халықаралық Астронавтика Федерациясы (IAF) 1951 жылы ғалымдар арасындағы диалогты дамыту және ғарышты зерттеу мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында құрылған. Оның құрамында 70 елдегі 6 құрлықтың барлық негізгі ғарыш агенттіктері, компаниялар, қауымдастықтар, мұражайлар мен институттарды қамтитын 400-ден астам мүше бар. Биылғы конгреске қатысушылар саны 96 елден 8000-нан асты.

IAF-қа қосылу «Ghalam» ЖШС үшін ғарышты игеру бойынша халықаралық бастамаларға белсенді қатысу және ғарыштық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтасу мүмкіндіктерін ашады. Әлемдегі ең беделді ғарыш ұйымдарының бірі саналатын бұл федерацияға мүшелік компанияға маңызды ресурстар мен серіктестік мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады, бұл өз кезегінде ғарыш индустриясы үшін инновациялық шешімдер әзірлеуші ретінде халықаралық аренадағы беделін нығайтады. Компания өзінің қызмет жылдарында жер серіктік жүйелерін әзірлеу және ірі ғарыш жобаларын іске асыруда мол тәжірибе жинақтады. IAF-қа мүшелік «Ghalam» ЖШС-ге Қазақстанда да, әлемдік аренада да ықпалын кеңейтуге және одан әрі дамуына қосымша мүмкіндіктер береді.

«Ионосфера институты» ЖШС-нің «Мир» және ХҒС сияқты ғарыш станцияларында ғылыми бағдарламаларға қатысуы, сондай-ақ ғарыш аппараттарының сенімділігін зерттеу, микрогравитацияны зерттеу және ғарыштық ұшулардың адамға әсерін зерттеудегі әзірлемелері жаһандық ғарыштық зерттеулерге маңызды үлес қосуда. Сондықтан, ғарыштық кеңістікті зерттеу және жерсеріктік деректерді халық шаруашылығының міндеттерін шешу үшін қолдану саласындағы 60 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі ретінде «Ионосфера институты» ЖШС-нің IAF-қа толыққанды мүшелігі өзінің ғылыми жетістіктері мен әзірлемелерін халықаралық деңгейде ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғарыштық құралдар мен технологияларды қолдану саласындағы жетекші ұйымдармен, компаниялармен және беделді ғалымдармен ынтымақтастық ғылыми ұжымға жаһандық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу үшін негіздер жасауға мүмкіндік береді. Әлемдегі ең беделді ғарыш ұйымдарының біріне мүшелік институтқа негізгі ресурстар мен серіктестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл институттың халықаралық деңгейге сәйкес инновациялық шешімдер саласындағы жетекші мекеме ретіндегі позициясын нығайтады.

Биыл «Ионосфера институты» ЖШС командасы диалог орнатудың негізгі алаңдарының бірі саналатын жыл сайынғы IAC шарасына белсенді қатысты, оның аясында бірқатар іс-шаралар қатар өтті - түрлі елдердің министрлік кездесулері, ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшылар саналатын ірі ғарыш агенттіктерінің басшыларымен отырыстар, астронавтар кездесуі және саладағы жас мамандар үшін бөлек іс-шаралар.

«Ионосфера институты» ЖШС-нің IAF-қа қосылуы Қазақстанның халықаралық ғарыш қызметіне белсенді қатысушы ретіндегі позициясын нығайтады және елде ғарыштық технологиялардың одан әрі дамуына ықпал етуі мүмкін.

Біз бұл оқиға Қазақстанның компаниялары мен бүкіл ғарыш саласы үшін маңызды кезеңге айналады деген сенімдеміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале