26.08.2022, 11:00
Оқылды: 4

iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды

Apple компаниясының күзгі таныстырылымы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

2

Іс-шара Apple Park кампусындағы "Стив Джобс театрында" өтеді.

Apple тұсаукесерде iPhone 14 смартфондар желісін және Apple Watch Series 8 смарт-сағатын таныстыруы керек. Сонымен қатар, компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.

Сонымен қатар, Apple тұсаукесер аясында Apple Watch SE 2 және Apple Watch Pro-ны таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлаған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале