18.06.2025, 9:15
Оқылды: 135

Ипотека бойынша шекті ЖТСМ-ді төмендету кейінге қалдырылуы мүмкін

ҚНРДА сайтында шекті жылдық мөлшерлемені 20% деңгейінде енгізуді кейінге қалдыру туралы қаулы жобасы жарияланды. Құжат әлі қол қойылмағанымен, онда 25% деңгейі әлі бірнеше ай, 1 қарашаға дейін, күшінде қалатыны көрсетілген.

жп акша Әлішер Уалитханов (1)

Неліктен кейінге қалдырып жатыр?

Агенттік түсіндірме жазбасында банктерге жаңа талаптарға дайындалуға уақыт беруді ұйғарғанын айтқан: яғни банктер өз жүйелерін жаңа параметрлерге сай бейімдеп, қолданыстағы және жаңа өнімдер бойынша шарттарды қайта қарастыруы тиіс.

Ал алғашқы нұсқада ипотека бойынша шекті ЖТСМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы қаулы кеше күшіне енуі тиіс болатын. Бұл өзгеріс нарыққа қалай әсер етуі мүмкін екені жөнінде бұған дейін осы жерде жазып өттік.

Дереккөз: @DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале