2.11.2022, 18:00
Оқылды: 25

Иран билігі әйелдерге жарнамалық роликтерге түсуге тыйым салды

 Иран билігі әйелдерге жарнамалық роликтерге түсуге тыйым салды. Ел басшылығының айтуынша, бұл хиджаб пен пәктік туралы заңға қайшы келеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

dd57fa60-7072-4168-91f0-3a9ea1b2d136-960x500

Иран Мәдениет министрлігі әйелдердің жарнамалық роликтерге түсуіне толық тыйым салмағанын, тек брендтер мен тауарларды ілгерілету үшін олардың қатысуын шектейміз деп түсіндірді. Алайда, жергілікті әйелдер бұған наразы.

Жанжал балмұздақ жарнамасы пайда болғаннан кейін туындады. Кадрларда қызыл орамал киген бойжеткен жол бойымен көлік жүргізіп, сосын тоқтап, балмұздақ жеп жатқаны көрінеді.

Иран имамдары «әлеуметтік әдептілікке қайшы және әйел құндылықтарына нұқсан келтіреді» деп бұл жарнамаға қатты ашуланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале