Иранда бұрын-соңды болмаған әуе рейсі жасалды. Мешхед қаласына қонған лайнер бортында пилот та, экипаж да, сондай-ақ 110 жолаушының барлығы тек әйелдер болған. Мұндай сапар Ұлттық аналар күніне орайластырылған, деп жазды Qazaqstantv.

Сурет: istockphoto.com
Осы арқылы Иран әйелдерінің күш-қуаты мен жетістіктерін паш ету көзделген. Президент Масуд Пезешкиан болса, елде гендерлік теңдік, әділдік пен әйелдердің құқықтары мен ішкі және сыртқы саясатта мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Бұған қоса, мемлекет басшысы адам құқықтарының бұзылуы диалог арқылы немесе құқықтық жолмен шешілуі тиіс екенін айтты.
Бұған дейін Пезешкиан әдет полициясына әйелдерді орамал тақпағаны үшін мазаламауды, аңдымауды тапсырған еді.