24.11.2017, 11:23
Оқылды: 66

Иранға 100 тонна ет экспортталды

 

Биылғы шілде айында Қазақстан Республикасы мен Иран мемлекеті арасында Иранға мұздатылған және салқындатылған қой етін экспорттауға  ветеринарлық талаптары келіскен болатын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, қазір Иран елінің нарығына мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері елімізден 240 мың АҚШ долларына бағаланған тірілей қой малы және 619 мың АҚШ долларына шыққан 132,2 тонна қой еті осы мемлекетке экспортталып отыр.

Соның бірі Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» ЖШС мен Ирандық компаниялар арасындағы келісім шарт аясында жыл соңына дейін Иранға 200 тонна қой етін жеткізуді жоспарлаған.

Үстіміздегі жылдың 24 қараша күні  Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне 100 тонна қой еті экспортталды.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстар екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауымен жүзеге асып отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале